Ержан Қожахметов Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болып тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Ержан Қожахметовты ұжымға таныстырды.

Н. Ахметзакиров өз сөзінде оның сот жүйесіндегі көпжылдық өтілін, кәсібилігі мен өмірлік тәжірибесін атап өтті.

 

Анықтама. Е. Қожахметов 1979 жылы туған.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қалалық сотының жетекші маманы, сот приставы болып бастаған.

Талдықорған қалалық сотының және Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары Соттар әкімшісінің басшысы, Жоғарғы Сот Департаментінің Ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарды.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі