Алматы қаласының экономикалық сотында фронт-кеңсе ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Департамент басшысы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты фронт-кеңсесінің ашылуына қатысты.

Н. Ахметзакиров өз сөзінде фронт-кеңсенің сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

МАЭС ұжымымен кездесу кезінде Департамент басшысы жоғары деңгейдегі сервис қызметін қамтамасыз етуге және азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыруға аударды. Ол сондай - ақ сот қызметкерлері жұмыстың жаңа форматы – ашық, тез әрі сапалы қызмет көрсетуге көшу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді. Департамент басшысы әріптестерін келушілермен қарым-қатынаста олардың тілектерін тыңдауға және сот қызметінің сапасын жақсартуға шақырды.

Сот залдары мен үй-жайларын аралап көріп Н. Ахметзакиров материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге, оның ішінде ұйымдастыру техникасымен жарақтандыруға ерекше назар аударды.

Осы күні Департамент басшысы Алматы қалалық сотының жаңа ғимараты құрылысының барысымен танысты.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі