Талдықорған гарнизонының әскери соты әскери қызметшіден жәбірленуші есебіне 250 мың теңге шығын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери соты талапкер М.А.Асканбаевтың бір әскери бөлімнің келісімшарт бойынша қатардағы жауынгері М.Е.Акшабаевтан 500 000 теңге сомада моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында анықталғаны, көлік жүргізуші М.Е.Ақшабаев Талдықорған қаласының Шевченко көшесімен келе жатып көлігімен велосипедшіні қағып кетіп, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде М.А.Асканбаев Облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылған. Сот медициналық сараптамасы бойынша М.А.Асканбаевтың денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтірілген.

Жауапкер көлік жүргізіп, қатерлі қауіп көзі болғандықтан, келтірілген залалға кінәсінің болғанына немесе болмағанына байланысты емес, моральдық шығын онымен өтелуі тиіс.

Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде, сот жәбірленушінің денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтіргенін, оның зардаптарын, қажетті ем алуына және де физикалық қайғысын ескере отырып, аталған себептер бойынша сот талап арыз жартылай қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. Сот шешімі бойынша талап арыз жартылай қанағаттандырылып, 250 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян талапкердің пайдасына өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Әскери соттың баспасөз қызметі