Әскери сот төрағасы С.Абдолла Қостанай гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кездесу барысында С.Абдолла жиналғандарға республиканың әскери соттары ағымдағы жылы өзінің 25 жылдығын атап өткені туралы жеткізді. 1992 жылы Қазақ КСР-ның аумағында орналасқан əскери трибуналдар Қазақстан Республикасының құқықтық билігіне берілгенін еске салды.

Сонымен қатар, төраға қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген 5 басымдыққа аударып, басты бағдарламалық құжатта таяу жылдарға арналған дамудың маңызды бағыттары белгіленгенін атап өтті. Ол қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, азаматтар мен әскерилердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқандығына, электронды сот ісін жүргізуді дамытуға, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатқанын айтты.

С.Абдолла аталған мақсатта «Қылмыстық процесті жаңғырту және құқық қорғау қызметінің басқа аспектілерін жетілдіру туралы» заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мұндағы түзетулер жеті негізгі бағытта көзделген. Осылайша, заң жобасында электронды қылмыстық істің енгізілуі қарастырылған. Жариялауға жатпайтын алдын ала тергеу әрекеттерін санкциялау түріндегі сот бақылауын әрі қарай кеңейту бағыты қарастырылған. Осы салада қандай да бір заңдылықты бұзуды болдырмауға бағытталған қатаң бақылау қажет», - деді ол.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің мобильді нұсқасы мен медиация процесі психологиялық және эмоциялық жүктемені еңсеруге мүмкіндік беретіні, процеске қатысушылардың мүдделеріне сай әділетті шешімді қабылдауға ықпал ететіні айтылды. Ол Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының жұмысына тоқтала келе, аталған орталықтың тәулік бойы  соттар қызметіне мониторинг жүргізу арқылы шынайы уақыт режимінде соттар жұмысындағы ықтимал іркілістерді жедел түрде түзету үшін шаралар қабылдай алатындығын айтты.

Әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуы және еңбек даулары бойынша қойылған барлық сұрақтарға нақты жауап берілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі
Тегтер: