Шымкентте әскери қызметші қашқындық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизонының әскери соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 442-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін бір әскери бөлімнің келісімшарт бойынша К.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады (қашқындық).

Іс бойынша анықталғаны, әскери бөлім командирінің бұйрығына сәйкес К.-ға  кезекті еңбек демалысы берілген. Алайда,  әскери қызметші К. демалыс билетінде көрсетілген мерзімде қызмет орнына келмеген, күзет агенттігіне жұмысқа орналасып, әскери бөлім басшылығының телефон қоңырауларына және СМС хабарламаралына жауап бермеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери полиция бөлімінің қызметкерлері К.-ны ЖШС күзет агенттігінде ұстаған.

Сот отырысында К. кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін айтты. Сот үкім шығару барысында оның жасын, бұрын сотталмағандығын, оң мінездемесін және басқа да жеңілдететін мән-жайларды назарға алды. Шымкент гарнизоны әскери сотының үкіміне сәйкес сотталушы құқық бұзушылықты  жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес жаза шартты түрде тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 49-бабына сәйкес сотталған К. «ефрейтор» әскери атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Әскери соттың баспасөз қызметі