Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық кеңесінде Парламент Мәжілісі депутаттарын «Үш би» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Конституциялық күнін мерекелеу аясында республиканың Судьялар одағы Орталық кеңесінің төрағасы Мұсабек Әлімбеков  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.   

Іс-шара барысында М.Әлімбеков Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Анар Жайылғанова және Евгений Козлов сот жүйесiнің дамуына қосқан үлесi мен жоғары кәсiптiк дағдылары үшін  «Үш би» құрмет белгісін салтанатты түрде табыстады.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі айрықша еңбегі, ұзақ мерзімді жұмысы, мінсіз беделі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін берілетін айрықша марапаттау белгісі болып табылады», - деді М.Әлімбеков.

Өз кезегінде, Парламент Мәжілісінің депутаттары Судьялар одағы Орталық кеңесінің басшылығына көрсеткен құрметі үшін алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Әскери соттың баспасөз қызметі