Әскери сот төрағасы онлайн-форматта азаматтарды қабылдауды өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Ж. Абдуллаев онлайн-форматта Шымкент гарнизоны әскери қызметшілерінің қабылдауын өткізді.

Қабылдау күні Шымкент гарнизонының әскери сотына бейнекбайланысы арқылы, өз сұрақтарын қою мақсатымен гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері келді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер тұрғын-үй және еңбек қатынастары бойынша, заңнамалардағы өзгерістер жөнінде сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларды сот жүйесіндегі өзгерістер, яғни бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігіне көшу, әскери соттардың соттылығы және олардың басқа жалпы юрисдикциялық соттардан айырмашылығы туралы сұрақтар қызықтырды.

Әскери сот төрағасы С.Ж.Абдуллаев барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап берді. Атап айтқанда,  жаңадан қабылданған Азаматтық процестік кодекстің нормалалары түсіндіріліп, істердің қаралу мерзімдері, азаматтық істер бойынша жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінің кеңеюі туралы айтылды. Бұған қоса, «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арыздарды жолдау мүмкіндігі туралы назарларына жеткізілді.

Сондай-ақ, ол сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқандығына, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатқанына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында С.Ж.Абдуллаев қатысушылардың назарына 2016 жылғы 21 қарашада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өткендігі және онда жаңа Судьялар әдеп кодексі қабылданғаны туралы назарларына жеткізді. Оған қоса, бұл съезде соңғы жылдары сот жүйесінің, соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру тұрғысындағы даму қорытындыларын шығарылғандығы, сондай-ақ еліміздің сот-құқық жүйесінің одан әрі дамуының басымдықтары айқындалғанын айтып өтті.

Жиын соңында қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі