Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласында республиканың шығыс аймағы бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті.

Спорттық жарысқа Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының судьялары қатысты.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, судьялар қауымы, облыстағы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.

Досжан Сарманқұлұлы өз сөзінде: «Біздің ата-бабаларымыз «ең бірінші байлық – денсаулық» деген. Сондықтан денсаулығы, күш-қайраты бар азаматтар ғана білімді, біліктілікті ұштастыра отырып, үлкен жетістіктерге жетеді»  дей келе, құрама командаларға, әсіресе әрбір командадағы судьяларға ойыннан жаңылмай, спорттық шеберліктерін үздік көрсетуге тілектестігін білдіріп, сәттілік тіледі.

Ж.Омар облыс басшылығының атынан спартакиаданың қатысушыларына сәттілік тілеп, салауатты өмір салтының дамытуға үлес қосып жүрген Судьялар  одағына  алғысын білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте мынадай құрамалар бірінші орынды иеленді:

  • Шығыс Қазақстандық құрама: волейболдан, бильярдтан, шахматтан (ерлер), шахматтан  (әйелдер) дойбыдан (ерлер);
  •  Қарағанды облысының  құрамасы: футболдан, үстел теннисінен (әйелдер), үлкен  теннистен;
  • Павлодар облысының құрамасы: дойбы (әйелдер), үстел теннисінен (ерлер) жеңіп алды.

Шағын футболдан: Максим Завалов (Семей қалалық соты), Нұрлан Асанов (Қарағанды облысы Теміртау қалалық соты),  Құдабай Сұлтанов (Павлодар облысы Лебяжи аудандық соты) жеңімпаз деп танылды.

Волейболдан: Әбдіғали Тілеубергенов (ШҚО), Марат Мұсабаев (Павлодар қаласының МӘС), Марат Кокушев (Қарағанды облысы Жезқазған қалалық соты) үздік деп танылды.

  • Бильярдтан: Жанна Сейдалина  (Қарағанды  облыстық соты);
  • Үлкен теннистен: Кәрімов Қайырболат (Павлодар  қалалық соты);
  •  Дойбыдан: Марат Дайкенов (Павлодар облысының  кәмелетке толмағандардың мамандандырылған  ауданаралық соты) және  Құралай Төбелбасова (Өскемен қаласының мамандандырылған әкімішілік соты);
  • Шахматтан: Бақытжан Маймақов  (Қарағанды  облыстық соты) және Гүлнұр Мұхаметқалиева (Павлодар облысының  Ақсу қалалық соты);
  • Үстел теннисінен: Абай Баубеков (Қарағанды облысының Жаңаарқа аудандық соты) және  Гүлнұр Жапарова (Павлодар облыстық соты) жүлдегер атанды.
Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі