судьялар одағы

Шығыс Қазақстан облыстық сотының және Судьялар Одағы филиалының қолдауымен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау бойынша Әдістемелік ұсынымдар әзірледі

22/06/2016

Жас судьяларға кәсіби даярлығы мен судьялық жұмыс дағдыларын игеруге көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығы және облыс соттарымен Судьялар одағы Шығыс Қазақстан облысы филиалының қолдауымен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді  қарау бойынша Әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Атырауда судьялар мен ҮЕҰ өкілдері судьялардың Әдеп кодексі жобасын талқылады

08/06/2016

Атырау облыстық сотында Судьялар одағы филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының бастамасымен облыс соттары судяларының, доғарыстағы судьялардың, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шарада Қазақстан Республикасы судьялары Әдеп кодексінің жобасы талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті

07/06/2016

Өскемен қаласында республиканың шығыс аймағы бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті.

Спорттық жарысқа Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының судьялары қатысты.

Атырауда Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының Батыс аймақтық ойындары өтті

06/06/2016

Өткен аптаның жұма және сенбі күндері Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының Батыс аймақтық ойындары өтті. Спартакиадаға Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облысы соттары судьяларының құрама командалары қатысты.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, қала әкімі Нұрлыбек Ожаев, жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары қатысты.

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасы өтті

30/05/2016

Жамбыл облысының Тараз қаласында республиканың оңтүстік өңірі бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасы өтті. Оған Алматы қаласының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының судьялары қатысты.

Жамбыл облысының судьялары Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылады

25/05/2016

Қазақстан Республикасының Судьялар одағы Жамбыл филиалының соттар этикасы жөніндегі комиссиясының төрағасы, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азамат Тілепов еңбек өтілі 5 жылға толмаған Жамбыл облысының судьяларымен Қазақстан Республикасы соттарының Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылау туралы семинар өткізді.

Ақмола облыстық соты соғысқа қатысқан судьялар туралы кітап шығарды

05/05/2016

Ақмола облыстық соты Судьялар одағы Ақмола филиалымен бірлесіп, Жеңіс күнін тойлау қарсаңында «Отан үшін отқа түскен судьялар» атты кітап басып шығарды.

Кітап Ақмола өңірінен Ұлы Отан соғысына қатысқан және соғыстан кейін туған жеріне қайта оралып, сот саласында судьялық қызметті абыроймен атқарған жауынгер-жерлестер, олардың  батырлықтары мен қаһармандығы, фашистік басқыншыларға қарсы соғыста көрсеткен ерліктері туралы жазылған очерктер жинағы болып табылады. 

Жоғарғы Сотта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

05/03/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға қатысқан ханымдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы мен ұжым атынан төл мерекелерімен құттықтай келе, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин әйелдердің Қазақстан қоғамы мен оның құндылықтарын дамытудағы зор үлесіне Мемлекет басшысының үнемі зор мән беретіндігін атап өтті.

Халықаралық сарапшылар есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу мәселелерін талқылады

01/03/2016

1 наурызда Астанада «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер бойынша сот ісінің мониторингі» аймақтық бағдарламасының нәтижелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Соттардың жұмысын үздік ұйымдастыруға арналған байқау-конкурс

31/12/2015

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасының Судьялар одағы өз жұмысын үздік ұйымдастырған аудандық және оған теңестірілген сотты анықтауға бағытталған байқау-конкурс жариялады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты республикалық конкурстың жеңімпазы атанған болатын. Былтырғы жылғы конкурстың қорытындысын қарастыра келе, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасының Судьялар одағы аталған конкурсты жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдады.

Беттер