Ақмола облыстық соты соғысқа қатысқан судьялар туралы кітап шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты Судьялар одағы Ақмола филиалымен бірлесіп, Жеңіс күнін тойлау қарсаңында «Отан үшін отқа түскен судьялар» атты кітап басып шығарды.

Кітап Ақмола өңірінен Ұлы Отан соғысына қатысқан және соғыстан кейін туған жеріне қайта оралып, сот саласында судьялық қызметті абыроймен атқарған жауынгер-жерлестер, олардың  батырлықтары мен қаһармандығы, фашистік басқыншыларға қарсы соғыста көрсеткен ерліктері туралы жазылған очерктер жинағы болып табылады. 

Кітап Елбасы Н.Назарбаевтың: «Біз ортақ Жеңісіміз жайындағы ақиқатты есте сақтап, келесі ұрпақ естелік ретінде қалдыруымыз керек... Сол жылдары көрсетілген батырлық пен қаһармандық еліміздегі отаншылдық тәрбиенің негізі болып табылады» - деген сөздерімен басталады.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов: «Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Ақмола облысының филиалы және Ардагерлер кеңесі бірнеше жыл бойы судья-майдангерлер туралы мұрағат деректерін зерттеп келеді» - деп айтты. Отставкадағы судья М.Ғибәділов Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр-майдангерлер туралы жаңа мағлұматтарды жинау үшін олардың  туысқандарымен көптеген кездесулер өтті. Ол: «Тарихи деректерді болашақ ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үшін оларды жинау мен сақтау өте  маңызды» - деп есептейді.      

Бұл кітап жастарға, сонымен қатар, тарихшылар, құқықтанушылар мен қазақ елінің тарихын білгісі келетін көпшілік оқырманға арналады.

Кітап  Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқановтың басшылық етуімен шығарылды. Редакциялық алқа мүшелерінің құрамында Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанәділов, Ақмола облысы Ардагер судьялар кеңесінің  төрағасы, отставкадағы судья М.Ғибәділов, облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші С.Қияшева, Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Домалақова кірді. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі