Жамбыл облысының судьялары Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Судьялар одағы Жамбыл филиалының соттар этикасы жөніндегі комиссиясының төрағасы, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азамат Тілепов еңбек өтілі 5 жылға толмаған Жамбыл облысының судьяларымен Қазақстан Республикасы соттарының Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылау туралы семинар өткізді.

Кездесуде А.Тлепов жаңа Судьялардың әдеп кодексі қағидалары мен соттардың тәртіп ережелерін Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қабылдау жоспарланғанын, осыған байланысты  барлық Судьялар Одағы филиалдарында Кодекс жобасын талқылау туралы осындай кездесулер өткізілетіні туралы айтты.

А.Тлепов Кодекс жобасындағы соттардың этикалық қағидалары  мен соттардың тәртіп ережелерінің халықаралық стандартқа сәйкестігін айқын тұжырымдайтынын атап өтті. «Бұл соттардың  моральдық-адамгершілік бейнесіне қоғам талабының едәуір жоғарылауына байланысты, Әдеп кодексінің қабылдануымен сот жүйесін реформалауының қазір қажетті кезеңі, себебі 5-бөлім және 33-баптан тұратын кодекстің жобасы (бұрынғымен салыстырғанда- қолданыстағы Кодекс 9 баптан тұрады), судьяның жоғары  кәсіби және моральдық келбетін бейнелеуге бейімделген».

Сонымен қатар, ол Ұлт Жоспарының 19-шы қадамында соттардың есеп беруінің күшейтілгенін, соттардың  жаңа Судьялардың әдеп кодексін өндеуде, азаматтар соттардың іс-әрекетіне Жоғарғы Соттың жанындағы арнайы құрылған Сот Жюриіне шағым келтіре алатынын еске түсірді. Кодекс жобасында соттарға қойылатын талаптар күшейтіледі. Жаңа Әдеп кодексі Бангалорлық соттардың мінез-құлық қағидалары  мен  басқа да халықаралық соттардың кәсіби стандарттары негізінде әзірленген.

Өткізілген кездесу барысында пікір алмасулар болып, Кодекс жобасына нақты ұсыныстар мен ескертпелер өңделіп, Судьялар Одағының Орталық кеңесіне жолданды.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі