Атырауда Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының Батыс аймақтық ойындары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өткен аптаның жұма және сенбі күндері Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының Батыс аймақтық ойындары өтті. Спартакиадаға Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облысы соттары судьяларының құрама командалары қатысты.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, қала әкімі Нұрлыбек Ожаев, жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары қатысты.

Спартакиаданың ашылу рәсімінде сөз алған Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов барлық қатысушыларға ілтипат білдіріп, бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында спортпен айналысуға барлық жағдайлар жасалғанын және спартакиаданы өткізу еліміздің сот жүйесіндегі спорт пен дене шынықтыруды дамытуда маңызы зор екендігін айтып, қатысушыларға алдағы ойындарда сәттіліктер тіледі.

Атыраудағы спорт алаңдарында 5 облыс соттарының командаларынан 100-ден астам спортшы футбол, волейбол, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат, дойбы және бильярд бойынша 7 спорт түрінен үздіктер қатарына шығуға бақ сынасты.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші жалпы командалық жүлделі орынды Қызылорда облыстық сотының командасы иеленді, екінші орын Атырау облыстық сотының, үшінші орын Батыс Қазақстан облыстық соты командасының еншілеріне бұйырды.

Жеке жарыс түрлері бойынша мықтылар тізімінде:

 

  • Кіші футболдан: Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстық соттары
  • Волейболдан: Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстық соттары.
  • Бильярдтан: М.Ахметов (Қызылорда облысы), Е.Үбіғалиев (Атырау облысы), Д.Әбдәлі (Ақтөбе облысы).
  • Үлкен теннистен: А.Абу (Қызылорда облысы), М.Сембин (Атырау облысы), М.Кенжелиев (Маңғыстау облысы), ең үздік техникалық ойыншы ретінде Мейрамбек Нағашыбаев танылды (Батыс-Қазақстан облысы).
  • Ерлер арасында дойбы ойынынан: Ә.Құспанов (Атырау облысы), Н.Қосанов (Қызылорда облысы), Н.Ділдабеков (Батыс-Қазақстан облысы).
  • Әйелдер арасындағы дойбы ойынынан: Г.Ізбасарова (Ақтөбе облысы), А.Досмағамбетова (Атырау облысы), К.Құрманбай (Қызылорда облысы).
  • Ерлер арасындағы шахмет ойынынан: А.Мұқатов (Ақтөбе облысы), Ә.Қырықбаев (Батыс-Қазақстан облысы), Ж.Жақсылық (Атырау облысы).
  • Әйелдер арасындағы шахмат ойынынан: Б.Жангереева (Батыс-Қазақстан облысы), А.Садықова (Ақтөбе облысы), Г.Мырзатаева (Қызылорда облысы).
  • Ерлер арасындағы үстел теннисінен: А.Әбдіров (Ақтөбе облысы), Н.Еламанов (Қызылорда облысы), М.Сембин (Атырау облысы).
  • Әйелдер арасындағы үстел теннисінен: Ф.Аңсариева (Атырау облысы), Л.Бисенова (Ақтөбе облысы), А.Жамантаева (Батыс-Қазақстан облысы).

 

Спортшыларға жанкүйерлер зор қолдау білдірді.

Жарыстар тартысты және қызықты өтті.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі