ҚР Судьялар Одағының VІІ спартакиадасының финалдық ашылу ойыны басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматының  АОСК спорткешенінде ҚР Судьялар Одағының VІІ спартакиадасының  финалдық ашылу ойыны басталды.

Финалдық жарыстың ашылу салатанатына Алматы қаласының әкімі А.Есімов, ҚР Судьялар Одағының төрағасы С.К.Байбатыров, облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары, Алматы қаласының құқық қорғау органдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

С.Байбатыров спартакиадағы қатысушыларды құттықтай отырып, елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінетіндігі туралы айтты. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында жеке мәдениет пен спортқа ерекше  көңіл бөліп, сау өмірдің кілті ұлттың денсаулығы екендігін атап көрсетті. Жыл сайынғы соттар арасындағы турнирді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы  Қ.Ә.Мәмидің  бастамасымен 2002 жылы қыркүйек айынан бастап өткізілуде. Осы жылдар арасында соттар спартакиадасы барлық өнірінде өтуде. Спартакиада судьялардың денсаулығын нығайтуға, шынығуға көмектеседі, кәсіпкерлік қызметіне оң әсерін тигізеді.

Жарысты бекітілген нұсқаулыққа сәйкес ҚР судьялар одағының Орталық Кеңесі ұйымдастырды. Ережеге сәйкес спартакиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші өңірлерде аймақтық турнирлер өтті.  Жеңімпаздар Алматы қаласындағы финалдық ойынға қатысты. Олар біріншілікке жеті спорт түрінен таласқа түседі.

VІІ республикалық соттар спартакиадасы екі күнге жалғасады.

 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі