Архив событий

20/09/2014

Жоғарғы Сот жалпықалалық сенбілікке қатысты

20/09/2014

2014 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот судьялары мен аппарат қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Жалпы алғанда 100 адам болды.

Жыл сайын өткізілетін экологиялық айлық аясындағы іс-шара Астананың аумағын абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Бұл акция игі дәстүрге айналды. Бірнеше сағаттық белсенді жұмыс барысында белгіленген аумақтың едәуір бөлігі ретке келтіріліп, көшеттер отырғызылды және 80 қаптан астам қоқыс жиналды.