Архив событий

30/09/2014

Билік өкіліне күш көрсеткені үшін сотталды

30/09/2014

Бүгін, Ақмола облысының Шортанды аудандық соты ҚР ҚК-нің 321- бабының 1-бөлігі бойынша азамат Ж-ны айыптауға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот 2014 жылдың 30 сәуірінде Шортанды АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Жолымбет кен орнында «Қазақалтын» АҚ-да «Вентиляционная» шахтасында «Force Guard» ЖШС күзет фирмасының қызметкерлері шахтаның аумағына заңсыз кірген және құрамында алтыны бар руданы заңсыз өндірген 20 адамды ұстағаны туралы телефон арқылы хабарлама түскен.

Аудандық сотта қылмыстық заңнамадағы жаңалықтар талқыланды

30/09/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы  Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотында «Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер: жаңаша тұстары мен іс жүргізуде қолдану ерекшеліктері» тақырыбында прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару, ұлттық қауіпсіздік комитеті, адвокатура өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Аудандық соттың төрағасы Ж.Мақұлбаев өз сөзінде жаңадан қабылданған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріндегі бірқатар жаңалықтарға тоқталды.

29 жалған рұқсаттама берген инспекторға қатысты шыққан үкім өзгертілді

30/09/2014

Бүгін Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасы ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігі, 314-бабының  2-бөлігі, 177-бабы 2-бөлігінің «б» тармағы, 325-бабының 2-бөлігі бойынша  сотталған,  Қапшағай қаласы ішкі істер бөлімінің лицензиялық-рұқсат жүйесінің инспекторы Н.Николаевқа қатысты ретінде қылмыстық іс қаралды. Ол атыс қаруын және газды-травматикалық қаруды сақтауға және алып жүруге заңсыз 29 жалған рұқсат қағазын берген. Іс бойынша талқылау барысында барлық жалған рұқсаттардың күші жойылып, қарулар қайтарылды.

Медиация - дауды реттеу тәсілі

30/09/2014

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында талапкер Д.Бөкенбаевтың жауапкер И.Тараненкоден 6 900 000 теңге мөлшеріндегі қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардың арасында  бір жыл мерзімге қарызға ақша алу шарты  жасалғаны аңықталды.  Алайда жауапкер И.Тараненко қарызды қайтару бойынша өзіне алған міндеттемелі орындамағандықтан, талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.