Медиация - дауды реттеу тәсілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында талапкер Д.Бөкенбаевтың жауапкер И.Тараненкоден 6 900 000 теңге мөлшеріндегі қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардың арасында  бір жыл мерзімге қарызға ақша алу шарты  жасалғаны аңықталды.  Алайда жауапкер И.Тараненко қарызды қайтару бойынша өзіне алған міндеттемелі орындамағандықтан, талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Сот отырысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен шешіп, келесі жағдайларда келісімге  келді: жауапкер И.Тараненко 2014 жылдың
15 қарашасына дейін 6 900 000 мың теңге мөлшеріндегі қарызды төлеуге міндеттенеді, ал талапкер  өзінің талап арызынан бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі