Архив событий

17/09/2014

Әкімшілік заңнамадағы жаңа енгізілімдер туралы

17/09/2014

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақтан Республикасының жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін талдап, түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды қаласының МАӘС-ның төрағасы К. Имашев, Қарағанды қаласының ІІБ-і бастығының орынбасары А. Оразбаев, Қарағанды қ. ІІБ-нің әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы А. Сәбитов, судьялар, сондай-ақ, полиция бөлімдерінің басшылары мен жол-патрульдік полиция бөлімшелерінің рота командирлері қатысты.

Басты сот талқылауы 22 қыркүйекке тағайындалды

17/09/2014

2014 жылғы 5 қыркүйекте Ақтау қалалық сотына жеке айыптау тәртібімен  Е. Қатаевадан Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 111-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру) Ақтау қаласының тұрғыны Х-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде шағым түскен. Яғни, Х. ағымдағы жылғы 23 тамызда Ақтау қаласының  4-шағын ауданының көп қабатты галерея үйінде бола тұра, теледидардың шынылы телескопын лақтырып, үйдің маңайында 4 жастағы баланың – Қатаев Исламның үстіне құлаған.