Басты сот талқылауы 22 қыркүйекке тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 5 қыркүйекте Ақтау қалалық сотына жеке айыптау тәртібімен  Е. Қатаевадан Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 111-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру) Ақтау қаласының тұрғыны Х-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде шағым түскен. Яғни, Х. ағымдағы жылғы 23 тамызда Ақтау қаласының  4-шағын ауданының көп қабатты галерея үйінде бола тұра, теледидардың шынылы телескопын лақтырып, үйдің маңайында 4 жастағы баланың – Қатаев Исламның үстіне құлаған. Алған жарақаттардан бала Маңғыстау облысының балалар ауруханасына ауыр хәлде жеткізілген.

Арызданушы Е.Қатаевадан сотқа қосымша құжаттар әкеліп, бұрын көрсетілген кемшіліктерді жойып, Ақтау қалалық сотының 2014 жылғы 15 қыркүйекте Х-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі шағымы өндіріске қабылданды.

Басты сот талқылауы 2014 жылғы 22 қыркүйекке тағайындалды. 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі