Архив событий

15/09/2014

Жоғарғы Соттың веб-сайты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары арасында көш бастады

15/09/2014

Мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының рейтингісі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының веб-сайты 2014 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша (www.facebook.com/AO.Kazcontent) 1 орын алды. Аталған рейтинг «Қазконтент» АҚ-ның 27 мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарының контенттік сүйемелдеу мен алға бастыруына жасаған талдауы негізінде шығарылған.

Республиканың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында бизнес субъектілері арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілуде

15/09/2014

Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекелестікке қабілеттіліктің жаhандық индексі рейтингінде сот билігінің тәуелсіздігі индексін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) іске асыру шеңберінде республиканың барлық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында сот процесінің қатысушылары - бизнес субъектілерін сот қызметінің ұйымдастырылуы және сот төрелігін жүзеге асырудың қанағаттандыру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сұрау салу жүргізілуде.

Қазығұрт аудандық сотында «Әділет» спорттық алаңы ашылды

15/09/2014

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық сотының ауласында «Әділет» спорттық алаңы ашылды.

Спорттық алаң Қазығұрт аудандық соты ұжымының сенбілік ұйымдастыруының нәтижесінде салынды. Спорт алаңында кіші футбол, волейбол ойнайтын және гимнастикалық жаттығу өткізетін орындар жабдықталған. 

Отбасы күні қарсанында Жоғарғы Сот қызметкерлері қарттар үйіне барды

15/09/2014

2014 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және  әкімшілік қадағалаушы алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыровтың, ҚР Жоғарғы Сот судьясы Ұ.А. Сүлейменованың және ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испановтың бастауымен Жоғарғы Сот өкілдері «Астана қаласы әкімшілігінің қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік-медициналық мекемесіне» барды. Аталған іс-шара Отбасы күнін атап өтуге бағытталған. Бұл күн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленді.