Архив событий

02/09/2014

Жоғарғы Сот Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

02/09/2014

2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Бұл күні Жоғары сот органы басшысының қабылдауында республика бойынша 16 адам болды.

Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Іс бейнебайланыс арқылы қаралды

02/09/2014

Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі ақпараттандыру тұжырымдамасын орындау мақсатында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алғаш рет бейнебайланыс арқылы Астана қаласында орналасқан ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан адамдарға қатысты шартты-мерзімінен бұрын босату материалдарын қарастырды.

Сот отырыстарын бейнебайланыс тәртібімен өткізу сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, істердің қаралуын тездетеді. Бұл ретте сотталған адамның қылмыстық-процестік заңнамада көзделген құқықтары бұзылмайды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары «Мектепке жол» акциясына қатысты

02/09/2014

Батыс Қазақстан облыстық соты Қазақстан Республикасы Судьялар одағының облыстық филиалымен бірлесіп, ұзақ жылдар бойы Оралдағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетуде.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Конституция және 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында судьялар одағының мүшесі Жаңылдық Қашқынбаева бастаған Батыс Қазақстан облысының судьялар қауымдастығының өкілдері Отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясынан да шет қалған жоқ.