Архив событий

09/09/2014

Қоғамдық Кеңестің судьялыққа кандидаттарды іріктеуге арналған отырысы өтті

09/09/2014

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қоғамдық Кеңестің судьялыққа кандидаттарды іріктеуге арналған отырысы өтті.

Отырысты облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай ашып, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы мен мәнділігін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы Қоғамдық Кеңестің Ережесіне сәйкес, оның құрамы жергілікті әлеумет өкілдерінің тақ санынан тұрады, соның ішінде облыстық сот төрағасы Кеңес қызметіне жалпы жетекшілік етеді.

Қостанай облыстық сотында Қоғамдық Кеңес өтті

09/09/2014

Бүгін Қостанай облыстық сотында кандидаттарды судья лауазымына іріктеу жөніндегі Қоғамдық Кеңес өтті.

Бұл орган облыс судьяларының кадрлық құрамын қалыптастыру мақсатында және судья лауазымына кездейсоқ әрі біліктілігі төмен тұлғалардың өтуіне жол бермеу үшін құрылған, ол сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір құралы болып табылады.

Ақмола облысы Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік сотына- 10 жыл

09/09/2014

«Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын құру, қайта құру және жою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі № 1437 Жарлығымен Ақмола облысы Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты құрылған.

Соттың заңдық құзырына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26-тарауында бекітілген, әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қаулыларын даулау жөніндегі істер бойынша өндірісті қарау мәселелері жатады.

Сарыағаш ауданы әкімінің экс-орынбасары ісіне қатысты брифинг өтті

09/09/2014

Бүгін Сарыағаш аудандық сотының судьясы Н.Лесова бұрынғы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары ісіне қатысты брифинг өткізді.

С.А. деген азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 177-бабы 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танылыды.

Сот қызметкелері Астана қаласындағы балалар үйіне барды

09/09/2014

«Отбасы күні» мерекесіне орай Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Р. Раззақ, судья И.И. Керн және қызметкелер Астана қаласының мамандандырылған нәресте балалар үйіне барды.

Жас судьялардың жаңа буыны Алматы қаласының судьялар қауымдастығының қатарына енді

09/09/2014

Жас судьялардың жаңа буыны Алматы қаласының судьялар қауымдастығының  қатарына енді. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Рүстем Алчинбаев жас судьяларды өмірлеріндегі ең маңызды сәтімен құттықтай отырып, кәсіби шыңдарды бағындыруға, судья атағына кір келтірмеуге тілек білдірді.