Архив событий

22/09/2014

Азаматтық іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

22/09/2014

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы «Хабар-Сервис» ЖШС жауапкер Д.Сұлтановтан қарыз ақшасын өндіру және оның «Хабар-Сервис» ЖШС-ден еңбек ақысын өндіру туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңа технологияларды сот жүйесінде қолдану жөніндегі оқыту семинары өтті

22/09/2014

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңа технологияларды сот жүйесінде қолдануға арналған оқыту семинары өтті.

Семинарға облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Балкен, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы З.Пірнияз, кеңсе басшысының орынбасары Н.Оразғалиева, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен кеңсе меңгерушілері қатысты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды

22/09/2014

Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні қарсаңында Қарағанды облыстық сотында «Мемлекеттік тілде дайыналатын сот актілері мен кеңсе құжаттарының сапасын арттыру» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинар жұмысына аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Тілдер күнін мерекелеуге арналған шығармашылық кеші өтті

22/09/2014

Қостанай облыстық сотында Тілдер күнін мерекелеуге арналған «М.Мақатаев оқулары» атты шығармашылық кеші өтті.

М. Мақатаев поэзиясында туған елі мен тіліне деген отансүйгіштіктің зор қуаты бар.

Аталған кеште ұлы ақынның өлеңдері қазақ тілінде және орыс тілінде аударған нұсқалары оқылды, ақынның шығармашылығы туралы слайдтар көрсетілді, домбырамен ақын сөзіне жазылған ән шырқалды, сондай-ақ ақынның өз дауысы тыңдалды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының приставтары қылмыскерді құрықтады

22/09/2014

Өткен аптаның жұмасы күні Петропавл қаласы №2 сотының сот приставы М.Т. Рамазанов пен СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот приставы А.Е. Қасенов СҚО МКҚБ полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтік міндеттерін атқару барысында сот ғимаратында ресми түрде іздеуде жүрген азамат К.-ны ұстаған.

Азамат К. берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызымен Петропавл қ. №2 сотына жүгінген.

Көп қабатты үйден теледидардың шынылы телескопын төрт жасар сәбиге лақтырған Ақтау тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарау кейінге шегерілді

22/09/2014

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 111 бабының бірінші бөлігі бойынша кінә тағылған Ақтау қаласының тұрғыны Х-ға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы адвокаттың өтініші бойынша оның басқа қалаға іссапарға кетуіне байланысты ағымдағы жылғы 29 қыркүйекке шегерілді.

Посттренингтік сүйемелдеу: процесті қалай тиімді етуге болады

22/09/2014

Шығыс-Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық сотында сот органдарының онлайн-сервистік қызметтерінің мүмкіндіктері мен қолжетімділігі туралы сот қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды.  

«Сұрақ-жауап» түрінде өткізілген постртренингтік сабақ барысында  және ертеректе өткен тренинктің үзінділері қайталанды, сонымен қатар алынған білімнің қаншалықты меңгерілгендігі және тиімділігі бағаланды. 

Өткен үй ай аралығында Катонқарағай аудандық сотына «Сот кабинеті» онлайн-сервисі арқылы 19 арыз келіп түсті.

Орал қалалық №2 соты «Тіл туралы» заңның қолданылу мәселелерін талқылады

22/09/2014

Орал қалалық №2 сотында Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне орай «Тіл заңының талабын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Алқалы бас қосуға «Батыс су арнасы», «Жайықжылуқуаты» акционерлік қоғамдары мен «Халық банкі», «Алянс банк», «Сбербанк Росси», «Центр кередит» сынды іргелі банктердің және Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының және соттың тіл мәселесімен шұғылданатын жауапты қызметкерлері, адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Қазақстан Судьялар Одағының VII Республикалық Спартакиадасының финалдық ойындары өз мәресіне жетті

22/09/2014

20 қыркүйек күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының VII Республикалық спартакиадасының финалдық ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Екі күн бойы өткен бәсекеде республика соттарының  құрама топтары  7 түрлі спорт түрінен жүлделі орындар үшін бақ сынасты.

«Көпсалалы электрондық почта» жобасы бойынша жұмыс кездесуі өтті

22/09/2014

2014 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпочта» АҚ жаңа ақпараттық қызметтерді енгізу және өзара іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Департамент халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында сот органдары көрсететін қызметтерді «Қазқпочта» АҚ-ның одан әрі автоматтандыруы жөнінде мәселені көтерген болатын.