Архив событий

29/09/2014

Оңтүстік өңірде судьялардың қатысуымен «Соттағы медиация» тақырыбында семинар өз жұмысын бастады

29/09/2014

Бүгін Алматы  қаласында  "Казжол" қонақ үйінде "Соттағы   медиация" тақырыбында екі күндік   семинар басталды. Семинарға Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен  Алматы қаласының судьялары қатысады.

Семинар БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстанда медиация институтын енгізу»  туралы бірлескен жобасының  аясында өткізіліп отыр. Семинарға кәсіби медиация ұйымдарында қызмет атқарып жүрген кәсіби тренерлер жұмылдырылған.

Қылмыстық заңнамадағы жаңа өзгерістер талқыға түсті

29/09/2014

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасындағы жаңа өзгерістер бүгінгі таңда республика соттарында қызу талқылануда. Осы орайда Қарағанды облыстық сотында өткен дөңгелек үстел тақырыбы 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетін ҚР Қылмыстық Кодексіндегі жаңа өзгерістер аясында өрбіді.