Архив событий

25/09/2014

Америкалық Елші Қазақстанның қылмыстық құқықты ізгілендіру қадамына оң баға берді

25/09/2014

Бүгін жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын қолдану жөніндегі халықаралық семинар шеңберінде Қазақстан Жоғарғы Соты қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі, Елші Джон Ордвеймен кездесті.

Алқа билердің қатысуымен іс қаралып бітті

25/09/2014

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен Кентау көпсалалы колледжінің ғимаратында орын алған адам өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралып бітті.

Істі сотта қарау барысында анықталғаны, сотталушы Т.Төрехан колледждің дәлізінде, өзіне таныс кәмелетке толмаған А.Тұрсыматовқа «ОСА» модельді травматикалық тапаншамен оқ атқан. Осының нәтижесінде кәмелетке толмаған А.Тұрсыматов қайтыс болған.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін сотталды

25/09/2014

Сотталушы С.С.Т. Қазақстан Республикасының аймағында заңсыз жүру және одан шығу үшін көлік құралын беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасында төлқұжатсыз жүрген ағасы Д.С.С-ті алып кету үшін Атырау облысының Котяевка селосынан шығып, Ресей Федерациясы Астрахань қаласына қарай бағыттаған.

 Өзінің қылмыстық ойын мақсатына дейін жеткізу үшін, шекара бекетіне жетпей ағасы Д.С.С-ті автокөліктің жүк салатын бөлігіне жасырған.

Бұланды аудандық соты «Ашық есік» күнін өткізді

25/09/2014

Бүгін Ақмола облысының Бұланды аудандық сотында ауданның жалпы білім беру мектептерінің оқушыларының үшін «Ашық есік» күні өтті.

Бұланды аудандық сотының төрағасы Р.Шақуанов пен судья Б.Ахметжанов жоғары сынып оқушыларымен әңгімелесу өткізді. Әңгімені балалар ерекше қызығушылықпен тыңдап, сұрақ қоюда жақсы белсенділік танытты.

Әңгімелесуден кейін балалар сот ғимараты бойынша қысқаша экскурсия жасады.

Жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану туралы халықаралық семинар жұмысын бастады

25/09/2014

Бүгін Ақмола облысының Бурабай аудандық сотында «Жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану» тақырыбындағы халықаралық үшкүндік семинар өз жұмысын бастады.

Аталған семинар Мемлекет басшысының 2014 жылғы 9 сәуірдегі өкімімен бекітілген Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстердің жаңа үлгісіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр.