Америкалық Елші Қазақстанның қылмыстық құқықты ізгілендіру қадамына оң баға берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын қолдану жөніндегі халықаралық семинар шеңберінде Қазақстан Жоғарғы Соты қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі, Елші Джон Ордвеймен кездесті.

Джон Ордвей ұйымдастырушыларға форумға қатысу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтып, бұл шара Қазақстанда жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың жаңа кезеңі басталғанын білдіреді деп атап өтті. Ол бүкіл әлемде қылмыстық заңнама адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөлге ие екендігін жеткізе келе, Қазақстанның қылмыстық құқықты ізгілендіру қадамына оң баға берді.

«Қазақстанның соңғы жылдар шеңберіндегі ең озық халықаралық тәжірибені қабылдауы өте маңызды. Халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу сот төрелігін жетілдіруде қосымша мүмкіндіктер береді» - деді Джон Ордвей.

Өз кезегінде, А.Қасымов шараға қатысқаны үшін америкалық делегацияға алғысын білдіре отырып, Қазақстан Азиядағы қарқынды дамушы ел ретінде өзінің қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын жаңартуға  зор мән беріп отырғандығын баса айтты.

Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқасының төрағасы қазіргі таңда Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық процестік заңнаманы әзірлеумен айналысып жатқандығын мәлімдеді.

«Құқық жүйесі дамымай, ел экономикасының дамуы мүмкін емес. Экономика мен ішкі және сыртқы инвестициялаудың қарқынды дамуы Қазақстан үшін – жағымды құбылыс. Мұның барлығы біздің Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі» - деп атап өтті А.Қасымов. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі