Архив событий

11/09/2014

Маңғыстау облыстық сотында республикалық семинар өтті

11/09/2014

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасы судьялар Одағы мен Қазақстан Республикасындағы Америка Заңгерлер Ассоцияциясымен ынтымақтастығы аясында «Азаматтық істер бойынша сот шешімдерін әзірлеу Әдістемесі» тақырыбында біріккен ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Маңғыстауда алғаш рет өткізіліп отырған мұндай шараның негізгі ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пен Судьялар Одағы.

Шекарадан заңсыз өткені үшін жауапкершілікке тартылды

11/09/2014

Көршілес Александров-Гай ауылындағы ағасының үйіне қонаққа бару Батыс Қазақстан обласының Казталов ауданының тұрғының бас қайғысына айналған.

Іс материалдарынан анық болғандай, Казталов ауданы Жаңатаң ауылының тұрғыны С. Ресей Федерациясындағы Саратов облысы  Александров-Гай ауылында тұратын ағасына бармақшы болған.   2013 жылы  мамыр айының кешінде ол  Жаңатаң – Александров-Гай тас жолы арқылы екі елдің шекарасынан заңсыз өтіп, ағасының үйіне жеткен.

Заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

11/09/2014

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 396-бабының 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ азаматтың құзырлы органдарының рұқсатынсыз жұмысқа орналасқанына қатысты іс қарады.

Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсаттармен келіп, құзырлы органдарының рұқсатынсыз жұмысқа орналасқан. Осылайша ол Қазақстан Республикасына келген шет ел азаматтарының Ереже талаптарын бұзған.