Архив событий

10/09/2014

Дауды медиативті келісіммен реттеу

10/09/2014

2014 жылығы 9 қыркүйекте Астана қаласының экономикалық сотында «Альянс МТС» ЖШС-нің «Корпорация АСТВ Спецстрой» ЖШС-на 11 688 937 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды ескере отырып, негізгі қарыз сомасын өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды.

2009-2013 жылдар кезеңінде жоғарыда аталған компаниялар шарттық және шартсыз қатынастарда болған.

Тараз қалалық сотында медиация қолдану мәселелерін талқылады

10/09/2014

Тараз қалалық сотында медиация заңын қолдану мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға қалалық соттың судьялары, кәсіпқой медиаторлар, адвокаттар, заңгерлер қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың сәуір айында ҚР Жоғарғы Соты «Сот медиациясы» пилоттық жобасын қолданысқа енгізді. Аталған жобаны іске асыру барысында Тараз қалалық сотының судьялары 30 істі сот медиациясы тәртібімен қарап, оның 19 ісін бітімгершілік тәртіппен қысқартқан.

Атырауда бұрынғы спортшыға өкім шықты

10/09/2014

№ 2-ші Атырау қалалық соты коррупциялық  қылмыс баптарымен  айыпталған «Атырау»  облыстық су спорты командасының бұрынғы директоры В.Хан мен кадр жөніндегі инспекторы А.Нұрғазиеваға қатысты сот үкімін шығарды.