Архив событий

18/09/2014

Ақтөбеде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

18/09/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді.

         2014 жылдың 17 қаңтарында Елбасы өз жолдауында «Кіші және орта бизнес – бұл біздің жалпы еңбек қоғамымыздың мықты экономикалық негізі»,- деп атап көрсетті. Оның дамуы үшін жеке меншік заңнамалары бойынша кешенді шешімдер қажет.

Өмірзақ кентінің бас маманына қатысты сот үкімі өзгертілді

18/09/2014

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық сотының үкімімен Өмірзақ кентінің бұрынғы әкімі А.Мұғаловқа мүлкі тәркіленумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ 5 жыл мерзімге дейін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылып, әкімдіктің бас маманы Р.Өтешов мүлкі тәркіленумен 7 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жыл мерзімге дейін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылып, жазаларын жалпы режиміндегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.

Сот жүйесінің БАҚ-пен өзара іс-әрекеті және баспасөз хатшыларының рөлі

18/09/2014

Бүгін Алматы қаласында «Қазжол» қонақ үйде «Сот жүйесінің БАҚ-пен өзара іс-әрекеті және баспасөз хатшыларының рөлі» тақырыбына арналған екі күндік семинар басталды.

Аталған іс-шараны Жоғарғы Сот Астана қаласындағы ОБСЕ орталығы және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Көкшетауда сот медиациясын қолданумен 21 азаматтық іс қаралды

18/09/2014

Азаматтық сот өндірісінде судьяның қатысуымен бітістіру рәсімін енгізу туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде сот медиациясын қолдану мәселесі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Пилоттық жобаны насихаттау мақсатында коммуналдық қызметтер, банктік заем келісім-шарт бойынша қарыздарды өндіріп алу туралы көп көлемдегі талаптармен жүгінетін ұйымдарда түсінік жұмыстары жүргізіліп, жалғасын табуда.