Көкшетауда сот медиациясын қолданумен 21 азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматтық сот өндірісінде судьяның қатысуымен бітістіру рәсімін енгізу туралы пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде сот медиациясын қолдану мәселесі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Пилоттық жобаны насихаттау мақсатында коммуналдық қызметтер, банктік заем келісім-шарт бойынша қарыздарды өндіріп алу туралы көп көлемдегі талаптармен жүгінетін ұйымдарда түсінік жұмыстары жүргізіліп, жалғасын табуда.

Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық сотының жалпы қол жетімді жерлерде интерактивті тақталар бекітіліп, онда «Сот медиациясы» тақырыбындағы бейнеролик тұрақты түрде көрсетіліп келеді.

Көкшетау қалалық сотымен алимент, қарызды, нұқсанды, моральдық шығынды өндіріп алу, материалдық шығын мен моральдық нұқсанды компенсациялау, жалға алу шартын бұзу және нұқсанды төлету туралы талаптар бойынша сот медиациясын қолданумен 21 азаматтық іс қаралды.

Сот ұйғарымдарымен осы істер бойынша тараптардың сот медиациясы тәртібімен дауларды реттеу туралы келісімге келулеріне байланысты өндірістер тоқтатылған. Сонымен бірге, талапкерлердің талап қоюы барысында мемлекетке төлеген баж салығы кері қайтарылған.     

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі