Өмірзақ кентінің бас маманына қатысты сот үкімі өзгертілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық сотының үкімімен Өмірзақ кентінің бұрынғы әкімі А.Мұғаловқа мүлкі тәркіленумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ 5 жыл мерзімге дейін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылып, әкімдіктің бас маманы Р.Өтешов мүлкі тәркіленумен 7 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жыл мерзімге дейін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылып, жазаларын жалпы режиміндегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.

Сотталғандар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311-бабы 4 бөлігі «б» тармағымен (адамдар тобымен алдын ала сөз байласып пара алу) көзделген қылмысты жасады деп кінәлі болып танылған.

Іс материалдарына сәйкес, А.Мұғалов жергілікті ауылшаруашылық кәсіпкерінің бірінен жер беру мәселесін оңтайлы шешіп беру үшін 500 000 теңге көлемінде пара сұраған. Бұрынғы әкіммен бірге әкімдіктің бас маманы да сыбайластықта болған.

Сотталғандардың және қорғаушының апелляциялық шағымы негізінде осы қылмыстық істі қараған Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы үкімді өзгертіп Р.Өтешовтың жасаған қылмыстық іс әрекетін ҚР ҚК-нің 28 бабы 5 бөлігі – 311 бабы 4 бөлігі «б» тармағымен (пара алуға жәрдемдесу) қайта дәрежеленді. Үкімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдырды. 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі