Алқа билердің қатысуымен іс қаралып бітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен Кентау көпсалалы колледжінің ғимаратында орын алған адам өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралып бітті.

Істі сотта қарау барысында анықталғаны, сотталушы Т.Төрехан колледждің дәлізінде, өзіне таныс кәмелетке толмаған А.Тұрсыматовқа «ОСА» модельді травматикалық тапаншамен оқ атқан. Осының нәтижесінде кәмелетке толмаған А.Тұрсыматов қайтыс болған.

Сот үкімімен сотталушы Т.Төрехан Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 2-бөлігінің «и» тармағына сәйкес айыпты деп танылып, оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі