Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының делегациясы Қазақстанның Әскери сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әскери соттың жұмысымен көрнекті танысу мақсатында Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының делегациясы Қазақстан Республикасы Әскери сотына келді.

Делегация құрамында Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті Бас директорының орынбасары Виктор Агеев, Костромск облыстық және Солтүстік Кавказ округтік әскери соттарының төрағалары, Сот департаменті басқармаларының бастықтары, сондай-ақ «Правосудие» Мемлекеттік талдамалық жүйесін қолдаудың ақпараттық-сараптамалық орталығы» федеральдік мемлекеттік бюджеттік мекемесінің басшысы Леонид Юхневич болды.

Кездесуде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізілген сот реформасы талқыланды.

Шетелдік қонақтар Әскери соттың ғимаратын аралап, Әскери соттың тарихымен, барлық республика әскери соттарынан жиналған тарихи құжаттармен және суреттермен танысты.

Әскери сот төрағасы С.Абдуллаев тәуелсіз  Қазақстанның Әскери соттарының құрылу тарихы 1992 жылдан, яғни Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес Президиумының 1992 жылғы 20 қаңтардағы қаулысымен ҚазКСР аумағында жұмыс жасаған әскери трибуналдардың Қазақстан Республикасының юрисдикциясына өткен күнінен бастау алатынын айтты. Сонымен қатар, бүгінгі күні еліміздің 10 қаласында орналасқан 11 гарнизондық әскери соттың жұмыс жасап жатқандығы айтылды.   

Меймандарға сот жүйесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологиялар таныстырылды.

Әскери соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов қонақтарға аудио-бейнетіркеу құрылғысының мүмкіндіктерін, «Сот кабинеті» сервистерінің жұмысын  көрнекті түрде таныстырып шықты. 

Қонақтар қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін атап өтіп, сот жұмысымен таныстырғаны үшін сот басшылығына алғыстарын білдірді. 

Кездесудің соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.

Источник: 
ҚР Әскери Сотының баспасөз қызметі