Оралда судьялардың әдеп кодексінің жобасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық соты Оралда «Судьялардың жаңа әдебі кодексі – Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асырудың көрінісі» тақырыбында конференция өтті.

Форум жұмысына облыс судьялары, БҚО бойынша соттармен өзара іс-қимыл кеңесі, отставкадағы судьялар, облыс және Орал қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының, Әділет департаментінің, Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігінің,  мемлекеттік емес ұйымдардың, Нотариалдық палата, «Нұр Отан» партиясының, адвокаттар алқасының, ҚазИТУ, медиация  орталығының және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Бек Әметов іс-шараны аша отырып: «1996 жылы судьялардың алғашқы съезінде қабылданған Судьялардың әдебі кодексі айтарлықтай ескіргенін және ол судьялардың әдеп жүріс-тұрыс ұстанымдарындағы көптеген бағыттарды қамтымайтындығын, сондай-ақ нақты шектеулердің болмауы келеңсіздіктердің орын алуын тудыратын  бірден-бір жағдай болып табылатындығын, осығай орай халықаралық жағынан ескере отырып, жаңа Кодексті қабылдау қажеттілігі туындағандығын атап көрсетті.

Облыстық сот төрағасы Кодекс жобасында қызметтегі судьяларға талап күшейтілгенін атап өтті. Судьялардың жаңа Әдеп кодексі судьялардың жүріс-тұрыс ұстанымдарының Бангалорлық қағидаттары негізінде және басқа да халықаралық кәсіби  әдеп ережелердің стандарттарына сай жасалған.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, Қазақстан Судьялар одағы БҚО филиалының төрағасы И.Сматов жиналғандарды өзінің баяндамасында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының негізгі қағидаттарымен таныстырды.

Облыстық сот судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы БҚО филиалының жанындағы Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Х.Аманқұлов өз сөзінде: «Судьялардың әдеп кодексі сот төрелігін жүзеге асыруға сенімнің айғағы ретінде судьялардың жүріс-тұрыс ұстанымдарына серпіліс береді», - деп атап өтті.

Конференцияға қатысушылар Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасына қатысты «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер аясында Судьялардың жаңа әдеп кодексіне сәйкес талаптары туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге, Кодекс судьялардың жоғарғы кәсіби және моральдық бейнесін қалыптастыруға бағытталған және азаматтардың, заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған.

Конференцияға қатысушылар талқыланып жатқан Судьялардың әдеп кодексінің жобасы тек қана судьялар корпусының ғана емес, тұтастай қоғам үшін де маңызды екендігін атап көрсетті. Судьяның моральдық-адамгершілік келбетіне талаптың күшеюі судьяның кәсіби қызметінде, қоғамда, отбасында және үйде өзін-өзі ұстаудың әдеп негіздерін белгілейтін нормалар мен  ережелерді қайта қарауды талап ететіндігіне тоқталды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі