Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 1500 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың бес айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 1586 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 1500 азамат келесі әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды: 33 азаматқа ескерту жасалды, 794 азаматқа әкiмшiлiк айыппұл тағайындалды, 183 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 464 азаматқа арнайы құқықтан айыру жазалары  тағайындалды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ 26 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.

Одан басқа, кәмелетке толмаған 10 азаматқа қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайларына байланысты 76 азамат әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі