Атырау облыстық соты татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша әдістемелік ұсыным әзірлеп, өңір соттарына жолдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық соты азаматтық істерді қарау барысында татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша әдістемелік ұсыным әзірледі.  Әдістемелік ұсынымға татуласу рәсімдерін қолданудың ерекшеліктері көрсетілген нұсқаулық кесте қоса берілді.  

Нұсқаулық азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу заңдылығының қолданылу шеңберінде облыс судьяларының қолдануына арналған.

Атырау облысы соттарында тараптарды татуластыру рәсімі сот тәжірибесіне сәтті енгізілді және азаматтық істерді қарау барысында судьялар тараптарға татуластыру рәсімдеріне жүгінуді ұсынады.

2016 жылдың 4 айында қаралған 4 814 істің 429-ы татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталды, 44 іс бітімгершілік келісіммен, 262 іс медиация рәсімімен, 13 іс партисипативтік келісіммен аяқталды.

Аталған әдістемелік ұсыным сот тәжірибесінде басшылыққа алу үшін  барлық соттарға жолданды.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі