Астанада республика Судьялар одағының өңірлік спартакиадасы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласында дәстүрлі өңірлік спартакиадасы 17-18 маусымы аралығында «Алатау» спорт кешенінде өтті. Қазақстан Республикасының Судьялар одағының ұйымдастыруымен өткен спорттық-мәдени іс-шараға алты соттың арасынан 90-ға жуық спортшы-судья жиналды.

Жарысқа Жоғарғы Соттың, Астана қалалық сотының, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және ҚР Әскери сотының командалары қатысты.

Спартакиада дене шынықтыру мен спортты салауатты өмір салты ретінде кеңінен насихаттау, жұмысқа деген жоғары қабілеттілікті қолдау және мықты спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізілді.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде Судьялар одағының төрағасы С.Байбатыров, Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев төрешілерге адал және ымырасыз төрелік етуді, ал жанкүйерлерге әсерлі сәттердің көп болуын тіледі.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша шағын футбол, волейбол, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат және дойбы бойынша чемпионанттардың жалпы командалық сынағының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды.

Дойбыдан жарыста Досымова Әселге (Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы № 2 аудандық сотының төрағасы) және Берік Сәтпаевқа (Астана қаласы экономикалық сотының судьясы), шахматтан Еліс Әбдіқадыровқа (Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқа сотының төрағасы) және Айжан Көлбаеваға (Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотының судьясы) тең келетіндер болмады. Раджап Даминов (Ақмола облыстық сотының судьясы), М. Молдагельдин (Ақмола) және Зәуре Жоламанова (Есіл аудандық сотының судьясы) үлкен және үстел теннистерінде өздерінің жоғары дәрежелерін таныта білді. Әуезнұр Қаженов (Әскери соттың азаматтық істер жөніндегі алқа сотының төрағасы) бильярд ойынында барлығынан оқ бойы озық шықты. Волейболдан Астана қаласының командасы алға озып шықты.  Шағын-футболдан жеңіс туын Ақмола облыстық соты иеленді.  Екінші орынға Солтүстік Қазақстан облысының соты жайғасты. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Астана қалалық сотының командасы бірінші орынды иеленді.

Спорт жарысы судьялар мен қызметкерлер тарапынан өте қызықты өтті.

Бәсекелестік пен жеңіске деген күш-жігерге толы екі күн жылдам өте шықты. Өңірлердің спортшы-судьялары өздерімен бірге үйлеріне осы жарыстан есте қаларлық әсер мен медальдар және кубоктар ала кетті.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі