Ақмола облысының Есіл аудандық соты дауды медиация тәртібімен реттей отырып, 13 азаматтық істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 5 айында Ақмола облысы Есіл аудандық соты 238 азаматтық істі қарады, соның ішінде 13 іс дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы және 3 іс бітімгершілік келісімі арқылы қаралды.

Медиациялық рәсімдер сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінде белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.

Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі