Ақмола облысы Бурабай аудандық соты шетелдік 12 азаматқа қатысты әкімшілік істерді қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Грузия Республикасының 12 азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот анықтағандай, Грузия Республикасының 12 азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Бурабай АІІБ-де уақытша тіркелген және кіру мақсатын «жеке» деп көрсеткен. Сонымен қатар, шетелдік азаматтар жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз құрылыс объектісінде жұмыс істеген, осыған байланысты «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысының талаптарын бұзған, яғни заңсыз жұмыс істеген.

Бурабай аудандық сотының қаулыларымен Грузия Республикасының азаматтары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабы 2, 5-бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот әрқайсысына 7-ден 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі