Ақмола облыстық сотының жаңа судьялары тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысында Ақмола облыстық сотының жаңа тағайындалған судьяларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облыстық сотының судья қызметіне Зәуре Байболова Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылып және Светлана Рахметова Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының судья қызметінен босатыла отырып тағайындалды.

Светлана Рахметова Ақмола облысының сот жүйесінде 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оның ішінде Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметінде 13 жыл қызмет атқарған.

Зәуре Байболова Ақмола облысы экономикалық сотындағы судьялық жұмыс өтілі 12 жылды құрайды.

Облыстық сотқа тағайындалған жаңа судьялар өз міндеттерін атқаруға кірісіп кетті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі