Жоғарғы Соттың «Алқабилер» командасы «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқауда жүлделі ІІІ орын иеленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 29 қазанда Бейбітшілік және Келісім сарайында «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық ведомствоаралық байқау өтті. Байқауға құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысты: Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның мемлекеттік қызметтегі және қоғамдық өмірдегі мән-маңызын насихаттау.

Байқау таныстыру, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы сахналандырылған көрініс, патриоттық әндер жарысы, мемлекеттік органның негізгі қызметі туралы презентация және қазақ тілінің өзекті мәселелеріне арналған пікірсайыс секілді 5 кезеңнен құралды.

Конкурс қорытындысы бойынша Жоғарғы Соттың аппарат қызметкерлерінен құралған «Алқабилер» командасы жүлделі үшінші орынды иеленді. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі