алқабилер

Батыс Қазақстан облыстық сотында алқабилер тізіміне үміткерлерді іріктеу туралы сұрақтар талқыланды

15/08/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Алқабилер тізіміне үміткерлерді іріктеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының және БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  судьялары (кейін-БҚО ҚІЖМАС), жергілікті атқарушылық және құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқасының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

11/06/2015

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 1-бөлігіне (адам өлтіруге оқталу) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Сотталушы С. жәбірленуші Қ.-ны ауыр дене жарақатына ұшыратқан. Дәрігерлік көмек уақытылы көрсетілгендіктен, жәбірленуші аман қалған.

Сотталушының өтініші бойынша қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Алқабилерді іріктеу мәселелері түсіндірілді

26/01/2015

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердi iрiктеу мәселелері талқыланған «Ашық есік күні» өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға алқабилердiң алқасын iрiктеудегі кейбір мәселелер түсіндірілді. Алқабидің мiндеттерiн атқару кезінде оның негiзгi жұмыс орны сақталатыны айтып өтілді. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқаруы кезiнде оны жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан шығаруға немесе ақысы төмен жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.

Жоғарғы Соттың «Алқабилер» командасы «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқауда жүлделі ІІІ орын иеленді

30/10/2014

2014 жылғы 29 қазанда Бейбітшілік және Келісім сарайында «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық ведомствоаралық байқау өтті. Байқауға құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысты: Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Батыс Қазақстан облысында көлігімен адам қағып кеткен жүргізушіге қатысты алқабилердің қатысуымен үкім шықты

01/10/2014

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен сотталушы К.Қазиевке қатысты кісі өлтіру бойынша істің үкімін шығарды.

К.Қазиев мас күйінде көлік жүргізіп, өзінің жолдасын қағып кетіп, оқиға болған жерден бой тасалаған. Оқиға салдарынан жолдасы  қаза тапты.