Жамбыл облыстық сотының судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл филиалында өкен брифингте облыстық соттың судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаеваның ақпараты бойынша 2016 жылдың 4 айында Жамбыл облысы соттары медиациялық рәсімдерді қолдана отырып, 286 азаматтық іс (3,0%): 51 қылмыстық іс (11,5%) және 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (9,5%) қаралған, 3 азаматтық іс бойынша партисипитивтік келісім бекітілген.

2015 жылы облыс соттары медиатордың қатысуымен 467 азаматтық және 104 қылмыстық іс қаралған.

Судьялар әкімшілік жанындағы медиация кабинеттерінің құрылуына жәрдемдескен, онда тұрғындар тұрғылықты жерінен шықпай-ақ дауларын шешіп, татуласуға жету үшін медиаторлардың көмегіне жүгіне алады. Осылайша, Сарысу, Мойынқұм, Меркі, Жамбыл, Шу, Жуалы, Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарында, сондай-ақ Тараз қаласындағы Достық үйінде аудандық әкімдіктермен бірлесіп, медиаторларға арналған кабинеттер ашылған. Қордай және Талас аудандарында медиация кабинеттерін ашу бағытында жұмыс жалғастырылуда.

Сотқа дейінгі дау-дамайды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту, тергеу сияқты тұрғындардың арасында дауласу деңгейін төмендету мақсатында Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының арасында татуластыру рәсімдерін жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бекіту жоспарлануда.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Ләззат Рамазанованың ақпараты бойынша Соттармен өзара іс-қимыл кеңесі судьялар лауазымына үміткерлердің моральдық болмысына баға беру үшін Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында құрылған. Судьялардың айтуы бойынша, облыстық сотта ағымдағы жылдың 13 мамырындағы Жамбыл облыстық сотының жалпы отырысында Соттармен өзара іс-қимыл кеңесі мүшелерінің құрамы бекітілген. Оның құрамы отставкадағы судьялардан, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінен тұрады.

Брифинг барысында журналистер спикерлерге қылмыстық процестегі медиацияның қолданылуы, Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің мақсат-міндеттері, алқабилер институтының жұмысына қатысты өз сұрақтарын қойды.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі