Тәжікстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Ақмола облысының Бурабай аудандық сотының жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бурабай аудандық сотына Тәжікстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы сот жұмысымен танысып кетті.

Делегация құрамында  Кипер қылмысқа қарсы бөлімінің басшысы Сафарзода Сухроб, Халықаралық қатынастар басқармасының прокуроры Алиев Зиемахмад, Хатлон облысы прокуратурсының аса маңызды қылмыстық істерді тергеу бөлімінің аға тергеушісі Кувватов Раджабали, Душанбе қаласы прокуратурасының тергеушісі Азизов Абдукаххор, «Кибернетика» өндірістік оқыту орталығының директоры Косимов Рустам, Тәжікстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің қызметкері Назаршоев Кишвар.

Қонақтар Қазақстан сот жүйесінің даму тарихы, тарихи құжаттар және Бурабай аудандық сотының қызметі жөнінде фото деректермен танысты.

Бурабай аудандық сотының судьялары қонақтарға сот жүйесінде қолданылатын ақпараттық электрондық технологияларын қолдануын көрсетті.

Қонақтар Қазақстан сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-сараптамалық жүйесімен таныстырып, азаматтар үшін жасалған электронды сервистер, сот құжаттарының электронды мұрағаты, ішкі портал, электронды кадр жүйесі, соттың интернет-ресурсы, Call-орталықтың қызметі туралы айтып берді.

Делегация жаңғыртылған аудио-бейне тіркеу құрылғысымен жабдықталған сот отырысы залдарымен, сот кеңсесі мен мұрағат жұмысымен танысты.

Қонақтар қазақстандық соттардың жұмысындағы жаңашылдықтарға оң бағасын берді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі