Солтүстік Қазақстан облыстық сотында мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану жөніндегі істерге қатысты мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Оған облыстық, аудандық соттардың судьялары, «Нұр Отан» партиясы филиалының, прокуратура, Кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың құқықтары мен бостандығының сот арқылы қорғалуына кепілдік берілетінін атап өтті.

Облыстық соттың төрағасы атап көрсеткеніндей, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік органдардың заңдарды мүлтіксіз орындауына, басқару және құқық қолдану қызметтің тиімді болуына әсер етеді.

Облыстық соттың судьясы Татьяна Ларина мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану туралы істерді қарау практикасы жөнінде баяндама жасады. Сот практикасы көрсеткендей, көбінесе, лицензия және рұқсат беру қызметімен айналысатын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар қаралады.

Петропавл қаласы № 2 сотының судьясы Арай Әбілмәжінова өз баяндамасында осы санаттағы істерді қарау кезінде туындайтын түйткілді мәселелерге тоқталды.

Прокуратура қаласының бөлім басшысы Әлия Құсайынова мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану кезіндегі прокурорлық ден қою шаралары туралы сөз қозғады.

Кездесу соңында қатысушылар азаматтар мен заңды тұлғалардың сотқа жүгіну мүмкіндігі олардың құқықтары мен бостандықтарының нақты қорғалуының кепілі болып табылатынын атап өтті.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі