Солтүстік Қазақстан облыстық соты ЖШС-мен азаматшаның арасындағы дауды қарап, татуласу келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Петропавл қаласының № 2 сотының шешіміне жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен соманы өндіріп алу туралы «Ломбард Vostok-cars» ЖШС-нің О.Тепловаға талап қою арызы жөніндегі азаматтық іс қаралды.

Апелляциялық сатыдағы сотта дауды татуластыру рәсімі тәртібімен реттеу құқығы тараптарға түсіндірілген соң, тараптардың өкілдері олардың арасында жасалған татуласу келісімін бекітуді сұрады.

Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың өтінішхатын қанағаттандырып, татуласу келісімін бекітті. Соның шарттарына сәйкес жауапкер О.Теплова «Ломбард Vostok-cars» ЖШС-нің пайдасына заем шарты бойынша 652 035 теңге берешек сомасын төлеуге міндеттеніп, ал талап қоюшы өз кезегінде О.Тепловадан 607 370 теңге айыпақыны, 60 000 теңге көлемінде соттағы өкіл қызметін төлеу сомасын, 25 990 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасын өндіріп алудан бас тартты.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі