Әскери сотта 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әскери сотта 2016 жылдың бірінші жартыдылдығында әскери соттар сот төрелігін қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес болып өтті.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Әскери соттың төрағасы С.Абдуллаев, әскери сот судьялары, Соттар әкімшісінің басшысы қатысты.

Кеңейтілген кеңес шеңберінде Әскери соттың алқа төрағалары Әуезнұр Қаженов пен Жандос Мұсабекұлының баяндамалары тыңдалды. 

Үйлестіруші-судья Шыңғыс Майшыбаев Оқу орталығының жұмысы жөнінде баяндама жасап, Оқу орталығы шеңберінде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар, соның ішінде судьяларға әдістемелік көмек көрсету, құқықтық ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз ету, оқыту семинарларын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталып өтті.    

Әскери сот әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов гарнизондардағы әскери соттардың материалдық-техникалық жағынан қамтылу жағдайына тоқталып өтті.

Жиналыс жұмысын қорытындылай келе, Әскери соттың төрағасы С.Абдуллаев сот төрелігінің сапасын жақсарту, судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, соттардың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді.

Кеңейтілген кеңес соңында А.Рахметулин сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жоғарлату бағытында жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Ол келісімдік өндіріс, жалған кәсіпкерлік туралы және т.б. Жоғарғы Соттың жаңадан қабылданған нормативтік қаулылар туралы айтты.

А.Рахметулин 2016 жылдың қазанында Астана қаласында өтетін судьялардың VII съезіне дайындық  жұмыстыры туралы айтып өтті.  

Источник: 
Әскери соттың баспасөз қызметі