Сенатор Бектас Бекназаров Атыраудағы жұмыс сапары аясында облыстық сотта болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Қазақстан Републикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Бектас Бекназаровтың қатысуымен кеңес өтті.

Судьялар корпусымен кездесу барысында сенатор Б.Бекназаров Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы интеграция мәселелерін, Қазақстан Республикасының сот жүйесін реформалау және жүйені одан әрі күшейту турасында сөз қозғады. Ол Мемлекет басшысының сот жүйесінің алдына қойған міндеттерінің іс жүзінде орындалу барысына, атап айтқанда, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу жұмысына жоғары баға берді.

Бектас Бекназаров Қазақстанда сот төрелігінің заңнамалық базасын жетілдіру және жаңарту процесінің орын алып жатқанын айта келе,  судьялардың Әдеп кодексі жобасының нормаларына тоқталып өтті.

Осы сапар барысында сенатор облыстық сот мұражайының, баспасөз орталығының, медиация кабинеті мен оқу орталығының жұсмысымен танысты.

Источник: 
Пресс-служба Атырауского областного суда