Павлодар облыстық сотының төрағасы аумақ бойынша жұмыс сапарында бір қатар кездесулер өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов аумақ бойынша жұмыс сапары шеңберінде Ақсу қалалық сотына барып қайтып,  аудан активі жергілікті маслихат өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, жаңадан тағайындалған Ақсу қалалық сотының судьясы лауазымына Ринат Құрмағалиев, Ғұмарбек Сисинғалиев, Айгүл Шымырова таныстырылды.

Жұмыс сапары шеңберінде облыстық соттың төрағасы азаматтарды қабылдау өткізді, оның барысында тұрғындардың назарына Ұлт Жоспарын орындауына сәйкес, сот ісін жүргізудің жаңа үш деңгейлі моделі құрылғанын жеткізді, мемлекеттің сот жүйесінде табысты әрекет жасайтын барлық инновациялық технологиялар туралы ақпарат беріп, татуластыру рәсімі арқылы қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істерді қысқарту мүмкіндігі жөнінде азаматтарға түсінік берді.

М.Смағұлов Ақсу қаласының құрметті азаматтарымен, республикалық кеңес ардагерлері мүшесімен, Ақсу қаласының ардагерлер кеңесі төрағасымен, кәсіпқой емес медиатор Зәлмұхан Арыновпен кездесті. Кездесу барысында халық арасында медиацияны қолдану және татуластыру рәсімдерін дамыту мәселесі талқыланды. 

Облыстық соттың төрағасы ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында еңбек өтілі үш жылдан аспаған жас судьялармен кеңес өткізді. Осыған қоса, сот төрелігін іске асыру сапасын, өзінің кәсіби деңгейін көтеруге, қатаң түрде судьялардың жаңа Әдеп Кодексін сақтауға шақырып, облыстық сотында білікі судьялар қатарынан, оның ішінде доғарыстағы судьялардан тұратын тәлімгерлер Кеңесінің қызмет атқаратыны туралы судьялардың естеріне салды.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі