Павлодардың судьялары соттармен істерді қарау сапасы мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов соттармен азаматтық және әкімшілік істерді қарау сапасын талқылау бойынша  қалалық соты ғимаратында облыстық соты президиумының көшпелі отырысын өткізді.

Ұлт жоспары мен Жолдауда Ел басымен қойылған міндеттерді, сот төрелігінің сапалы жүзеге асыру бойынша сот корпусының қызметі, әуре-сарсаңды жою, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту туралы айта отырып, облыстық соттың төрағасы азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы туралы ақпарат берді.  

Жұмыс барысында судьялар сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге әкелген соттармен жіберілген кемшіліктер мен бұзушылықтарды мұқият талқыланды. Сот жұмысының жағдайы үшін жеке жауапкершілік соттар төрағаларына жүктелетініне назар аударды.

Кездесу соңында облыстық соттың төрағасы соттар төрағалары мен судьяларды сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға, істерді қарау мерзімін жақсарту, азаматтық процессуалды заңнамадағы жаңашылдықтарды жұмыста қолдануды күшейту, аумақта бірыңғай сот тәжірибесін құру, сондай-ақ еңбек және атқарушы тәртіпті сақтауға бағытталған нәтижелі жұмысқа шақырды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі