Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов Құрманғазы ауданының халқымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өз сөзінде бейнеконферецжүйесі арқылы облыстық сотының төраға ел Президентінің Ұлт жоспарын тәжірибелік тұрғыда іске асырумен байланысты сот жүйесі үшін 2016 жылдың маңызды болғанын айтты. Сондай-ақ ол елдегі соттық құрылым мен соттық өндірістің түбегейлі өзгеріске ұшырағанын атап өтті.

М.Бектұрғанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының орындалу мәселесіне кеңінен тоқталып, құжатты еліміз үшін стратегиялық тұрғыда маңызды екенін еске салды.

Жоспарланған жұмыстар аясында М.Бектұрғанов  салық – бюджет саясатын жақсарту, мемлекеттік сатып алуды одан әрі жетілдіру бөлігінде болатын өзгерістерді баяндап, терроризм мен экстремизм бойынша судьяларды мамандандырудың ықтималдығын тілге тиек етті.

Ол Жоғарғы Сотпен сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот құрылымы мен сот өндірісі мәселелері бойынша Үкімет, Парламент, құқық қорғау және өзгеде органдармен қарым-қатынас туралы дайындалған ұсыныстарды егжей-тегжелі айтып жеткізді.

Өз кезегінде тұрғындар жылы лебіздерімен бүгінгі сот жүйесінің жұмысына жоғары баға беріп, сот корпусына толайым табыстар тіледі.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі